Қазіргі қоғамды сипаттайтын негізгі процесстердің бірі ақпараттық хабар болып табылады. Бүгінгі таңда жаңа ақпараттық технологияларды меңгеру оқу және жаза білу сияқты қасиеттермен бір жолға қойылады.Білім беру тиімділігі оқытушылардың дайындығының деңгейінен әрқашан тәуелді болды. Білім беру ақпаратының процесі оқытушының кәсіби сапалығына және дайындық деңгейіне, оның кәсіби біліктілігіне жоғары талаптарды ұсынады.Кәсіби біліктіліктің дамуы- бұл мұғалімнің шығармашылық тұлғасының дамуы, жаңалықты қабылдауға дайындықты қалыптастыру, педагогикалық инновацияларға зейін аударуының дамуы. Мұғалімнің кәсібилігінің, біліктілігінің жоғарлауы- сапалы білім берудің жоғарлауы бірден-бір маңызды шарттардың бірі.Менің жұмысымның ұраны өте қарапайым «Әр іс-шығармашылықты талап етеді, ендеше қалай?».
Үш жыл бойы қазақ тілі мұғалімі жұмысының барысында өзімде және менің әріптестерімде жеткілікті методикалық материалдар жиналды, осымен байланысты қазақ тілі мұғалімі үшін Web-ресурсты құру ойы туды.
- Сонымен, сайттың негізгі мақсаты қазақ тілі мұғаліміне көмек көрсететін методикалық және ақпараттық
базаның құрылуы болып табылады.
- Ақпараттық біліктілікті қалыптастыру бойынша мұғалімнің кәсіби сауаттылығын арттыру;
- Білім беру процесінде АКТ енгізу бойынша қызықты ойлар мен педагогикалық тапқырлығының анықталуы мен таралуы.
Ресурс құрылуының бірінші деңгейі тұтастай сайттың анықтамасы болып табылады. Сайт қатысушылардың әртүрлі категориясында есептелген. Оның материалдары тек қана қазақ тілі мұғалімдеріне, оқушыларға және олардың ата-аналарына ғана қызықты болуы мүмкін, алайда басқа пәндердің мұғалімдері сайт беттерінен өздері үшін көп пайдалы және басқа да ақпараттарды таба алады.Бір қарағанда бұның бәрі жеңіл және оңай болып көрінгенмен, ал қолданыста-бұл көп уақытты, күшті, төзімділікті және білім мен шеберлікті талап ететін үлкен еңбек. Әрине, негізгі
қиыншылық бұл менің программист емес екенім, жай ғана қазақ тілі мұғалімін. Осыдан бірнеше ай бұрын маған «скрипт, информер, баннер және фантастика» сияқты сөздер, ал НТМL білімі жайлы айту мүмкін емес еді, міне бүгінгі таңда осының бәрі сайтта жарқырап тұр... Мен сайтты оқытушының кәсіби дамуынының қуатты қолдауы болып табылатынын сенімммен айта аламын.Өз мысалымда сайттағы парақтардың ақырындап парақтан параққа толтырылғанын, сонымен бірге менде де қадамнан қадамға ақпараттық біліктілікті меңгере отырып, аса жоғары деңгейге көтерілгенімді байқадым.
Меніңше, Интернет жүйесінде жеке сайттың жүзеге асырылуы, үлкен қажеттіліктерді аша отырып мұғалімге
өзінің пәніне, өзіне, өзінің жетістіктеріне назар аудару бойынша көп қосымша қажеттіліктерді ұсынады. Жүйе тәулік бойы қызмет атқарады.Әр қолданушы әр уақытта сайтқа кіруге және пән, нақты сабақ, сұрақ, хат жазу, байланыс үшін басқа координаттарды табу бойынша қажетті ақпаратты ала алады. Осының барысында, оқушы, мұғалім, ата-ана өзіне қажетті уақытта күту, бару, қоңырау шалу қажеттілігінсіз алдын-ала пайдалы ақпараттың көп санын ала алады.
Өз сөзімді мына сөздермен аяқтағым келеді:
«Бір өзенге екі рет түсуге болмайды, бір және бірдей сыныпқа екі рет кіруге болмайды,
бірдей екі сабақ жүргізуге болмайды. Мен «болмайды» деген сөзге қуаныштымын. Осыдан менің мектептегі жұмысымның мағынасы тұжырымдалады-өзгеру, оқу, қателесу, даму, өмір сүру...», ал сіздерге құрметті әріптестерім тәжірибе жасауға тілеймін және сіздердің еңбектеріңіз беделдеріңіз бойынша бағалансын»