Үш бәйтерек »
Илияс Жасүгіров (1894-1938жж.) қазіргі талдықорған облысы,Ақсу ауданында (Бұрынғы Қапал уезі,Ақсу боласы) дүниеге келді.
Ол –ақын ,жазушы,драматург,публицист,аудармашы,өнер зерттеушісі,қоғам қайраткері.
Шығармалары: «Күй.», «Күйші», «Құлагер» т.б.
Бейімбет (Бимағамбет) Майлин (1894-1938ж.ж.) қазіргі Қостанай облысы,Таран ауданы,Майлин кеңшарында (бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі,Дамбар болысындағы Ақтөбе елді мекені) дүниеге келді.
Ол –ақын,жазушы,драматург,публицист,қоғам қайраткері.
Шығармалары: «Шұғаның белгісі,Раушан коммунист,Азамат Азаматыч,Қызыл жалау.» т.б.
Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин (1894-1938жж.) қазіргі Қарағаңды облысы,Жаңаарқа ауданында(Бұрынғы Ақмола облысы,Ақмола уезі,Нілді болысының бірінші аулы) дүниеге келді.
Ол –ақын,жазушы,драматург,қоғам қайраткері,педпгог,әдебиет тарихын зерттеуші ғалым публицист
Поэмалары: «Көкшетау,Қызыл ат.»
Прозалық шығармалары: «Айша,Тар жол тайғақ кешу, Жер қазғандар, Жемістер.» т.б.