Воскресенье, 22.12.2024, 10:06
Қазақ тілі және әдебиет  мұғалімнің сайтына қош келдіңіздер!

Қ Р мемлекеттік рәміздері
Менің педагогикалық қызметім
Біздің мектеп
Бәрі сенің қолыңда
Әлемге саяхат
Байқаулар
Мұғалімдерге
Официальный интернет-ресурс акимата Костанайской области
Бұл қызықты
Информер праздники сегодня
Сайт достары
Cайт мәзірі
Оқушылардың
 жұмыстары
Біздің сұрақ
Заманауи ҰБТ тапсыру сізге ұнай ма?
Всего ответов: 1902
Шағын-чат
Жаңа суреттер
Сағат неше?
Кіру
Сайттың рейтингі
Статистикасы
Күнтізбелік
«  Декабрь 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Іздеу
Пайдалы



 Өркениеттің шынайы белгісі мемлекеттің байлығы мен білімінің деңгейі де, қалалардың үлкендігі мен өнімнің молдығы да емес, ол- мемлекеттің тәрбиелеп шығарған азаматы. Заман талап етіп отырған, өмір сүру ортасына икемді де белсенді тұлғаны тәрбиелеу тек  өз ісін шын сүйетін мұғалімнің қолында.

Пешков орта мектебінде   жас өскін ұрпақ бойына, сана-сезімі мен жүректеріне парасаттылық, қайырымдылық және өмірлік құндылықтар ұрығын сеуіп,  сапалы білім беруді мақсат еткен  ұстаздарымыз еңбек етуде.  Сіздер  облыста, ауданда өткізілетін барлық іс-шараларға белсене қатысып, жоғары жетістіктерге жетіп келесіздер.

Сіздерге мемлекеттік тілді өзге ұлт балаларына үйрету ісінде зор шығармашылық табыс тілеп, алдағы уақытта да көпшілік сүйіспеншілігіне бөленіп, ел сенімін ақтай берулеріңізге тілектестігімді білдіремін.

 

  Әбдірахманова Дәмегүл Бақытқызы

 аудандық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі

                                                                

Синдағалиева Унзуля Рамазанқызы

Педагогикалық өтілі-30 жыл

 

Білімі -орта білімі, Целениоград педагогикалық училищесі, 1981ж, бастауыш сынып мұғалімі. Жоғары оқу орынында қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдігіне сырттай оқып жатыр.

Унзуля Рамазанқызы  «Қазақ тілі сабағында модульдік технологияны қолдану» атты тақырыппен жұмыс істейді.Оның жұмыс жүйесі оқытуда, тәрбиелеуде тұлғаны бағыттау.Педагогикалық тәжерибе негізінде өз жұмысында модульдік, сын тұрғысынан ойлау технологияларының элементтерін қолданады. Деңгейлі тапсырмаларды құрастырып, әр түрлі тірек сызбаларды  қолданады.

     Оқытуда түрлі жұптық, топтық жұмыс түрлерін қолданады. Білім сапасы төмен оқушылармен жеке жұмыс істеп, оқуға жоғары мотивациясы бар оқушылармен жұмыс жүргізеді.

   Оқу материалын түрлендіру үшін дидактикалық материалдарды қолданады.

 Тірек сызбалар мен таблицаларды құрастырып қолданады. Сабақтың барлық кезеңдерін ойластырып, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып сабақты құрастырады. Дидактикалық ойындарын қолданып  білімдерін дербес тауып алуына жағдай жасап отырады. Жаңа материалды меңгертуді жүйелі қайталаумен   тығыз байланыстырып отырады.

    Унзуля Рамазановна оқушылардың жазбаша және  ауызша сөйлеуіне  көп мән береді. Пән құралдарымен  қазақстандық патриоттік сезімдерін  тәрбиелейді. . Өз жұмысында түрлі түрлі бақылау формаларын қолданады: тесттер, диалог, диференциалдық тапсырмалар. Сабақ уақытын мақсатқа жету үшін тиімді қолданады.



Қарбаева Жанат Сапарғалиқызы

Педагогикалық өтілі-6 жыл

Білімі -жоғарғы білімі, Қостанай педагогикалық институті, 2006 ж, математика және физика пәннің  мұғалімі. Жоғары оқу орынында қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдігіне сырттай оқып жатыр.

Жанат Сапарғалиқызы шығармашылық жұмыс жасайтын мұғалім, әдістемелік қорытынды және оқу методикалық жұмыс жүргізе алатын  мұғалім.

Оқушылармен жұмысты диагностиканы  негіз алып құрайды. Дамыта оқытудың негізіне алып , алғашқы өз жұмысында проект технологиясын элементерін қолданады. Сабақтардың көбісінде ақпараттық технологияны қолданады.

Әдістемелікті қолдана отырып оқушылардын білім деңгейлерін тексереді.

Сабақта жағымды мотивацияның  қалыптасуына көп назар аударады.

Жанат Сапарғалиқызы оқушыларды ниеттендіріп шығармашылық тәртіп бойынша оқытады, сабақтың мақсатына жету үшін әр түрлі формадағы жұмыстарды қолданады:ұйымдасқан, топтасқан, жұптасқан, дара.

Оқытудың интерактивті әдістемелерін қолданады, әр типті сабақтар ұйымдастырады, жаңа педагогикалық техникаларды және дидактикалық ойындарды пайдаланады.  Жартылай-іздену, зерттеушілік тапсырмалар негізінде оқушылардың шығармашылық ойларын дамытады,  дискусиялық,  шығармашылық әрекеттерді ұйымдастырады. Сабақтары әрдайым техника жағынан қамтылған,кызықты және  жандана түседі. Оның сабағында  әрқашан жетістік жағдай элементі байқалады.  Оқушылардың жетістіктері бойынша мониторинг жүргізеді. Әдістемелік бірлестікте және мұғалімдердің кеңесінде «Ақпараттық технологиялар білім сапасын көтерудің құралы ретінде »атты баяндамен  қатысты.

Аудандық педагогикалық шығармашылығына қатысып 2010 жылда 2 орын алды.

Мектепте оқушылардың, әріптестердің арасында құрметке ие.

Ерғазина Айзат Жұмағалиқызы

Педагогикалық өтілі-7 жыл

Білімі-жоғарғы білімі, Қостанай гуманитарлық институті, 2003 ж, қазақ тілі және қазақ әдебиет  пәннің  мұғалімі.
Айзат Жұмағалиқызы пәнді оқыту әдістемесін  толық меңгерген мұғалім. Баланың өзіндік даму, және  қабілеттілігін дамыту мақсатында «қазақ тілі және әдебиет  сабағының  тиімділігін көтеру құралы ретінде ақпараттық технологияларды қолдану» атты тақырыбымен жұмыс істейді. Оқушылармен жұмысты диагностика негізінде құрайды.  Дамыта оқыту әдістемесі негізінде өз жұмысында модульдік, ақпараттық  дебат, және сын тұрғысынан ойлау технологияларының элементтерін қолданады. Оқушылары оқытуда шығармашылықпен қарайды. Педагогикалық технологияларды дидактикалық ойындарды қолдану арқылы сабақтарын түрлендіре отырып танымды ой қызметін жандандырады. Жартылай -іздену, зерттеу тапсырмалар негізінде  оқушылардың шығармашылық ойын дамытады. Шығармашылық және дискусиялық қызметін ұйымдастырады. Айзат Жұмағалиқызы өз жұмысында өлкетану материалдарын, түпдеректерді, ақпараттық құралдарды қолданады. Пәнді оқытуда, жетістіктің ахуалдарына, жағымды  мотивацияға қөңіл бөледі. Сабақтарында өзі құрастырған түрлі дифференциалды тапсырмалар, түрлі тестілерді, инструктивті карталарды қолданады. Оқушылардың оқу жетістіктерінің қорытындылары бойынша  мониторинг жүргізіп отырады.

Аудандық педагогикалық шығармашылығына қатысып 2010 жылда 1 орын алды.

Мектепте оқушылардың, әріптестердің арасында құрметке ие.


Тарбақова Ләззат Мейрамханқызы

Педагогикалық өтілі-12 жыл

Білімі -жоғарғы білімі, Қостанай педагогикалық институті, 2010 ж, қазақ тілі және қазақ әдебиет  пәннің  мұғалімі.

Ләззат Мейрамханқызы шығармашылық жұмыс жасайтын мұғалім,әдістемелік қорытынды және оқу методикалық жұмыс жүргізе алатын,  орыс тілі және орыс әдебиетінің мұғалімі. Жұмыс жасап жатқан тақырыбы: « Сөзге деген қызығушылық, қазақ тілін игерудегі бір аспект» Жұмысқа енгізгені дәстүрлі емес жұмыс. Модульдік және ойындық түрлерін қолданады.Оның жұмыс жүйесі негізінде:  тұлғаны  оқыту мен тәрбиелеу. Әртүрлі диагностика және негізгі болжау, ғылыми жұмыстарын қолданады.Оқушылардың білім деңгейін «күшті», «әлсіз», «орта» деп көз алдында ұстай біледі. Олармен жеке жұмыс өткізеді. Сабақта жағымды мотивация қалыптасуына көп назар аударады.Сезімдік қабылдау арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін, жазбаша және ауызша сөйлеу тілін дамытады.Ол тәрбиелеудің басты жағдайы: жеке тұлғаның жан мәдениеті және құлықтылық деп есептейді. Өз сабақтарында жаңашылдық әдістер қолданады. Дифференциялдық әдіспен жұмыс жүргізеді.Оқу мотивациясын көтеру үшін, балаларға арнайы эксперементалдық тапсырма жөнінде  шығармашылық жұмыс құрастырды.


Педагогикалық өтілі-12 жыл

Білімі -жоғарғы білімі, Қостанай педагогикалық институті, 2010 ж, қазақ тілі және қазақ әдебиет  пәннің  мұғалімі.

Валентина Николаевна 9-11 сыныптарында қазақ тілі пәнінен сабақ береді. «Қазақ тілі пәнін оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясын колдану» атты тақырыбымен жұмыс істейді.

   Оқушылармен жұмысты оқу тәрбие процесіне қойылған жаңа талаптарға сай құрайды. Сабақтың барлық кезеңдерін ойластырып, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып сабақты құрастырады.  Жоғары мотивациясы бар оқушыларға қиын тапсырмаларды қолданады, тірек сызбалар мен таблицаларды құрастырып қолданады. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізеді. Оқытуды жекелеу жұмысын жүргізудетүрлі әдістерді қолданады. Деңгейлік дифференциацияны  қолдану жағымды нәтиже береді.  Стандарттан тыс  сабақтар өткізеді. Бақылау жұмысын өткізуде түрлі формаларды қолданады. Оқу процесіне  шығармашылықпен қарайды. Жартылай-іздену, зерттеушілік тапсырмалар негізінде оқушылардың шығармашылық ойларын дамытады,  дискусиялық,  шығармашылық әрекеттерді ұйымдастырады. Сабақтары әрдайым техника жағынан қамтылған,кызықты және  жандана түседі. Оның сабағында  әрқашан жетістік жағдай элементі байқалады.  Білімін бақылау мақсатымен диференциалдық тапсырмалар, түрлі тестілер, инструктивті карталарды, рецензияларды қолданады.Шығармашылық топ, семинар, әдістемелік бірлестік  жұмыстарына қатысады, ашық сабақтар, сыныптан тыс сабақтар өткізу арқылы   кәсіби деңгейін жоғарлатады.

Оқытуда жақсы нәтижеге жетеді.

Педагогикалық өтілі-7 жыл

Білімі -жоғарғы білімі, Қостанай әлеуметтік техникалық институті, 2010 ж, қазақ тілі және қазақ әдебиет  пәннің  мұғалімі.

 Абылқайыр Қақанұлы тәжірибелі мұғалім, «Білім сапасын көтеруде проект технологиясын қолдану» атты тақырыбымен жұмыс істейді. 

Мұғалімнің жұмыс жүйесі тұлғаны оқытуға, тәрбиелеуге құралған. Оқушылармен жұмысты диагностика негізінде құрайды.  Белсенді оқытудың формалармен, әдістерін қолданады,  кітаппен, сөздікпен дербес жұмыс істеуді үйретеді.  Сабақтарында өзі құрастырған түрлі дифференциалды тапсырмалар, түрлі тестілерді, инструктивті карталарды қолданады. 5 сыныпқа арналған ойын сабақтарын жасап құрастырды, бағдарламадан тыс материалдарды қолданады.

     Оқытуда түрлі жұптық, топтық жұмыс түрлерін қолданады. Білім сапасы төмен оқушылармен жұмыс жүргізіп, оқуға жоғары мотивациясы бар оқушылармен жұмыс жүргізеді. Өз жұмысында әр  түрлі бақылау формаларын қолданады: тесттер, сұхбат, диференциалдық тапсырмалар. Лексико -граматикалық дағдыларды тексеру үшін     айқасқан таңдау т.б. тапсырмаларды қолданады.

Ол өз жұмысында мәселені көрумен ерекшеленеді.

Ермұрат Бейбітхан

Педагогикалық стажы-4 жыл

Білімі -жоғарғы білімі, Қостанай әлеуметтік техникалық институті, 2006 ж, қазақ тілі және қазақ әдебиет  пәннің  мұғалімі.

 Ермұрат Бейбітхан тәжірибелі мұғалім.Мұғалімнің жұмыс жүйесі тұлғаны оқытуға, тәрбиелеуге құралған.Жұмысқа енгізгені дәстүрлі емес жұмыс. Модульдік және ойындық түрлерін қолданады.Оның жұмыс жүйесі негізінде:  тұлғаны  оқыту мен тәрбиелеу.Оқушылардың білім деңгейін «күшті», «әлсіз», «орта» деп көз алдында ұстай біледі. Олармен жеке жұмыс өткізеді.

     Оқытуда түрлі жұптық, топтық жұмыс түрлерін қолданады. 

Оқушылардың оқу жетістіктерінің қорытындылары бойынша  мониторинг жүргізіп отырады.Білім сапасы төмен оқушылармен жеке жұмыс істеп, оқуға жоғары мотивациясы бар оқушылармен жұмыс жүргізеді. Мектепте оқушылардың, әріптестердің арасында құрметке ие.