Вторник, 19.03.2024, 14:45
Қазақ тілі және әдебиет  мұғалімнің сайтына қош келдіңіздер!

Қ Р мемлекеттік рәміздері
Менің педагогикалық қызметім
Біздің мектеп
Бәрі сенің қолыңда
Әлемге саяхат
Байқаулар
Мұғалімдерге
Официальный интернет-ресурс акимата Костанайской области
Бұл қызықты
Информер праздники сегодня
Сайт достары
Cайт мәзірі
Оқушылардың
 жұмыстары
Біздің сұрақ
Заманауи ҰБТ тапсыру сізге ұнай ма?
Всего ответов: 1902
Шағын-чат
Жаңа суреттер
Сағат неше?
Кіру
Сайттың рейтингі
Статистикасы
Күнтізбелік
«  Март 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Іздеу
Пайдалы

"Бес арыс"


                           Шәкәрім  Құдайбердиев   (1858-1931ж.ж.)

    Туған жері:қазіргі Шығыс Қазақстан облысы,Абай  ауданы, Шыңғыстау бөктері.

   Қызметі:әрі лирик,әрі эпик, ақын,сазгер,әнші,прозашы,аудармашы, тарихшы,философ,ғалым-зерттеуші,мәдениет қайраткері,терең ойшыл.

  Еңбектері:

1.     «Түркі,қырғыз,қазақ қәм  хандар  шежіресі » (Орынбор,1911ж.)

2.     «Қазақ айнасы »(олеңдер  жинағы,Семей, 1912ж.)

3.     «Қалқаман-Мамыр »(поэма,Семей,1912ж.)

4.     «Еңлік-Кебек » (поэма,Семей,1912ж.)

5.     «Ләйлі-Мәжнүн » (поэма,Ташкент,1907ж.)

6.     «Мұсылмандық кітабы »

7.     «Үш  анық.»


                       Ахмет  Байтұрсынов (1873-1937ж.)

 Туған жері: Торғай  облысы, Торғай уезі,Тосын болысы,Сарытүбек  қыстағы (қазіргі Қостанай облысы,Жангелдин  ауданы,аққол  ауылы).

Қызметі: аса көрнекті ғалым,ақын,түркітанушы,көрсемсөзші,ағартушы,аудармашы-ұстаз,қоғам  қайраткері,публицист-журналист,Қаз ПИ-дің  профессоры,этнограф,фольклорист,композитор әрі  орындаушы,қазақ тілі білімі, алфавиті,баспасөзі және  қазақ  әдебиеті теориясының негізін салушы, қазақ әліппесін (төте  жазу) жасаушы,алғашқы  оқу  құралын жазған.          

     «Қазақ »газетінің  бас  редакторы (1913-1918ж.ж.),Алашорда үкіметі мен     

      «Алаш »партиясының  негізін  салушы  әрі  көсемі.

    Еңбектері:

1.     «Қырық  мысал »(мысалдар  жинағы, Петербург, 1909ж.)

2.      «Маса »(өлеңдер  жинағы, Орынбор,1911ж.)

3.      «Тіл құрал » (3 бөлімнен  тұрады) (Орынбор, 1924ж.)

4.     Әдебиет танытқыш (Ташкент,1926ж.)

5.     Баяншы (Методикалық  жазбалар,Қазан, 1920ж.)

6.     Тіл жұмсар (2бөлімнен тұрады.)

7.     Оқу  құралы (Балалар  әліппесі).

8.     Әліппе  (Орынбор,1912ж).

9.     Сауаташқыш (Ересектер әліппесі,Орынбор, 1914ж.)

10. Әліппе-астар (Әліппеге  методикалық  нұсқау).

11. Оқу құрал (хрестоматия).

12.  «Ер  Сайын » жыры (Москва,1923ж.).

13.  «23 жоқтау » (Москва,1926ж.).

 

Руководители партии «Алаш», Слева Ахмет Байтурсынов,

в центре Алихан Букейханов, справа Миржакип Дулатов, фото 1917 года                  

           Міржақып  Дулатов (1885-1935ж.ж.)

   Туған жері : бұрынғы Торғай уезінің  Сарқопа  болысының  үшінші  болысы.

Қызметі: қазақтың аса көрнекті  ағартушысы,қоғам қайраткері,

ақын,жазушы,жалынды  көсемсөз  шебері.

Еңбектері:

1.     «Оян,қазақ » өлеңдер  жинағы (Уфа,1909ж.)

2.      «Азамат» өлеңдер  жинағы (Қазан,1913ж.)

3.      «Терме »өлеңдер жинағы (Орынбор,1915ж.)

4.      «Бақытсыз Жамал »романы (Қазан,1910ж.)

5.      «Оқу  құралы» оқу кітабы (Орынбор,1924ж.)

6.      «Қирағат »(оқулық).

7.      «Балкия» (пьеса).                      

 

                        Жүсіпбек  Аймаутов (1890-1931ж.ж.)

Туған жері :Павлодар облысының,Баянауыл ауданына қарасты  қазіргі  Жүсіпбек Аймаутов ауылы (бұрынғы Семей губерниясы,Кереку уезі,Қызылтау болв\ысының бірінші ауылы).

Қызметі: қазақтың көрнекті  жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі,прозашы, ақын,драматург,аудармашы,

ғалым,журналист,педагог-ұстаз,жазушы,сыншы,әнші,музыкант.

Еңбектері:

1.     «Қартқожа» орманы (Қызылорда,1926ж.)

2.      «Ақбілек» романы («Әйел  тендігі» журнал,1-саны,1928ж.)

3.      «Күнікейдің жазығы»повесі ( «Жаңа әдебиет » журналы,

   1-саны,1928ж.)

4. «Комплекспен оқуту  жолдары»(мұғалімдерге арналған көмекші құрал)

(Қызылорда,1929ж.)

       5.«Тәрбиеге  жетекші» кітабы (Орынбор,1924ж.)

6. «Психология » оқулығы (Қызылорда,1926ж.)

7. «Жан жүйесі және  өнер таңдау» зерттеу  еңбнгі (Москва,1926ж.)

8. «Рабиға» пьесасы (Орынбор,1922ж.)

9. «Сылаң  қыз» пьесасы (Орынбор,1922ж.)

10. «Мансапқорлық» пьесасы (Москва, 1925ж.)

11. «Ел қорғаны » пьесасы (Ташкент,1925ж.)

12. «Қанапия-Шәрбану» пьесасы (Ташкент,1925ж.)

13. «Шернияз» пьесасы (Москва,1925ж.)

14. «Терме» жинағы (Ташкент,1925ж.)

15. «Тау  еліндегі  оқиға» аударма  роман (Ташкент,1925ж.)

 

                                Мағжан  Жұмабаев (1893-1938жж.)

Туған жері: Бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі  Плуденовский  болысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы,Булаев ауданының «Молодежный» совхозы орналасқан жер).

Қызметі:қазақ  қлеңінің  дүлдүлі,лирик,эпик ақын.

Еңбектері:

1.     «Шолпан»өлеңдер кітабы (Қазан,1915ж.)

2.      «Өлеңдер жинағы»кітабы (Ташкент,1923ж.)

3.      «Педагогика» (1923ж.)

4.      «Батыр Баян » поэмасы («Шолпан» журналы,Қазан,1922ж.)

5.      «Қойлыбайдың  қобызы »поэмасы («Еңбекші қазақ »газеті,1927ж.)

6.      «Қорқыт » поэмасы.