Вторник, 19.03.2024, 05:14
Қазақ тілі және әдебиет  мұғалімнің сайтына қош келдіңіздер!

Қ Р мемлекеттік рәміздері
Менің педагогикалық қызметім
Біздің мектеп
Бәрі сенің қолыңда
Әлемге саяхат
Байқаулар
Мұғалімдерге
Официальный интернет-ресурс акимата Костанайской области
Бұл қызықты
Информер праздники сегодня
Сайт достары
Cайт мәзірі
Оқушылардың
 жұмыстары
Біздің сұрақ
Заманауи ҰБТ тапсыру сізге ұнай ма?
Всего ответов: 1902
Шағын-чат
Жаңа суреттер
Сағат неше?
Кіру
Сайттың рейтингі
Статистикасы
Күнтізбелік
«  Март 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Іздеу
Пайдалы

       
Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті.
        Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.


Құрметті ақынымыз Қадыр Мырзалиев:

Ана тілің – арың бұл

Ұлтың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте – деген тұжырымы бұл.

   Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс.                          

Қазақ   тілі     -    мемлекеттік  тіл.

Қазақ тілі – Қазақстан  Республикасының  тұрғылықты  халқы –қазақ халқының  және  шетелдерде  өмір  сүріп  жатқан  қазақтардың  ұлттық  тілі.

1989 жыл, 22 қыркүйек: «Қ.Р.   Тілдер  туралы » Заң қабылданып,қазақ тіліне  «Қазақстан Республиқасының мемлекеттік тілі» мәртебесі(статус) берілді.

1993жыл, 28 қаңтар: Қазақстан  Республиқасының  тұңғыш  Конституциясы  қабылданды. Онда қазақ тілі  Қазақстан   Республикасының  мемлекеттік тілі болып  бекітілді.

1995 жыл, 30 тамыз: республикалық  референдумда  Қазақстан Республикасының жаңа  Конституцияның  7-бабында былай делінеді:

       1.Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік  тіл-қазақ тілі.

       2.Мемлекеттік  ұйымдарда  және  өзін-өзі  басқару  органдарында орыс            тілі  ресми түрде  қазақ тілімен  тең  қолданылады.

       3.Мемлекет Қазақстан  халқының  тілдерін  үйрену  мен  дамыту  үшін      жағдай  туғызуға  қамқорлық  жасайды.

1997 жыл,11 шілде: «ҚР Тілдер  туралы» жаңа Заң  Парламентте  қайтадан  талқыланып,ол  ҚР Президентінің  Жарлығымен  бекітілді.Бұл Заң  бойынша қазақ тілі Қазақстан Республикасының  мемлекеттік  тілі, қазақ  халқының ұлттық  тілі  болып  есептеледі.

                            «ҚР Тілдер  туралы » Заңның 4-бабы:

       Қазақстан  Респуликасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл  аумағында  қоғамдық  қатынастардың  барлық  саласында  қолданылатын  мемлекеттік  басқару, заң шығару,сот ісін  жүргізу  және іс қағаздарын  жүргізу  тілі.

     Қазақстан  халқын  топтастырудың аса  маңызды  фақторы  болып  табылатын  мемлекеттік  тілді  меңгеру-Қазақстан Республикасының  әрбір  азаматының  парызы.

     Үкімет,өзге  де мемлекеттік,жергілікті  өкілді және   атқарушы  органдар:

    -Қазақстан Республикасында  мемлекеттік тілді  барынша  дамытуға, оның халықаралық беделін  нығайтуға;

    -Қазақстан  Республикасының  барша азаматтарының  мемлекеттік тілді  еркін және тегін меңгеруне  қажетті  барлық  ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық  жағдайларды  жасауға;

    -Қазақ  диаспорасына   ана  тілін  сақтауы және дамытуы  үшін  көмек  көрсетуге  міндетті.