Четверг, 25.04.2024, 06:51
Қазақ тілі және әдебиет  мұғалімнің сайтына қош келдіңіздер!

Қ Р мемлекеттік рәміздері
Менің педагогикалық қызметім
Біздің мектеп
Бәрі сенің қолыңда
Әлемге саяхат
Байқаулар
Мұғалімдерге
Официальный интернет-ресурс акимата Костанайской области
Бұл қызықты
Информер праздники сегодня
Сайт достары
Cайт мәзірі
Оқушылардың
 жұмыстары
Біздің сұрақ
Заманауи ҰБТ тапсыру сізге ұнай ма?
Всего ответов: 1902
Шағын-чат
Жаңа суреттер
Сағат неше?
Кіру
Сайттың рейтингі
Статистикасы
Күнтізбелік
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
Іздеу
Пайдалы
Қазақстан Республикасы Президентінің Н.А. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауы. Қаңтар 2011 ж.
Қадiрлi отандастар!
Құрметтi депутаттар мен Үкiмет мүшелерi!
Ханымдар мен мырзалар!

Биылғы жылы Қазақстан ел тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығына қадам басты. Елдiң тәуелсiздiк жылдарындағы үдерiсiнiң интегралды көрсеткiшiнiң бiрi — ол халықтың жан басына шаққандағы ЖIӨ. 1994 жылы ЖIӨ халықтың жан басына шаққанда жетi жүзден астам долларды құрады. 2011 жылғы 1 қаңтарда ол 12 есеге өстi және 9 мың АҚШ долларына артты. Әлемдiк тәжiрибе тәуелсiздiгiнiң 20 жылында бiрде-бiр ел мұндай нәтижеге жетпегенiн көрсетiп отыр.

- 2010 жылғы қаңтардағы Жолдауымда мен Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын жария еттiм. Қазiрдiң өзiнде оны iске асырудағы бiрiншi жылда нақты нәтижелер бар. Бiз 152 кәсiпорынды iске қостық, 24 мыңға жуық қазақстандықты тұрақты жұмыс орнын қамтамасыз еттiк. Елiмiзде барлығы 800 әртүрлi өндiрiс орындары құрылды. 2014 жылға дейiн құны 8,1 триллион теңгенi құрайтын 294 инвестициялық жобаны iске асыру жоспарлануда. Сөйтiп, 161 мың тұрақты жұмыс орны, ал құрылыс кезеңiнде 207 мың жұмыс орны пайда болады, — деп атап өттi Мемлекет басшысы.

Стратегиялық жоспардың аясында таяу онжылдықта Қазақстан 2020 жылға қарай мынадай көрсеткiштерге қол жетуiзуi керек:

ЖIӨ өсiмi — кем дегенде 30 пайызды құрайды.

Қайта өңдейтiн салалардағы өсiм өңдеушi саладағы деңгейден артады немесе соның деңгейiне жетедi.

Ұлттық қор активтерi ЖIӨ-нiң кем дегенде 30 пайызын құрайды.

Экономиканың шикiзат емес секторындағы отандық және шетелдiк инвестициялар кем дегенде 30 пайызға ұлғаяды.

Шағын және орта бизнестiң ЖIӨ-дегi үлесii 40 пайызды құрайды.

Халықтың саны 18 миллион адамға жуықтайды.

Бiлiктi мамандардың үлесi 40 пайызды құрайды.

Жұмыссыздық деңгейi 5 пайызға дейiн төмендейдi.

Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнiмдiлiгi 2014 жылға қарай 2 есеге, 2020 жылға қарай — 4 есеге ұлғаяды.

Аграрлық секторда мал шаруашылығын дамыту жөнiнде баға жеткiзгiсiз жоба iске асырылатын болады. 2016 жылы еттi экспорттау 60 мың тоннаны құрап, бұл тұрғыда 4 миллион тоннна астық экспортымен теңеседi. Мемлекет бұл мақсатқа кредиттiк ресурстардан 130 миллиард теңге бөледi. Бұл ауылда 20 мыңнан аса жұмыс орнын ашуға мүмкiндiк туғызады, 100 мыңнан астам ауыдықтарға кiрiс көзiн ұсына алады. Мемлекет басшысы шикiзат емес секторды дамыту мақсатында Үкiметке энерготиiмдiлiктiң кешендi жоспарын әзiрлеуге және бекiтуге тапсырма бердi.

Барлық мемлекеттiк органдар үшiн бақылау жүргiзудiң бiрыңғай қағидаты мен тәртiбi белгiлендi. Бұл бизнеске әкiмшiлiк қысым көрсетудi едәуiр төмендету үшiн жасалып отыр. Меншiктi қорғаудың құқықтық тетiктерi енгiзiлдi, қоғамдық қауiпсiздiкке көп қатер туғызбайтын қылмыс бойынша қылмыстық заңнаманы iзгiлендiру жүргiзiлдi, бас бостандығынан айруға қатыссыз, жазалауды қолдану аясы, сондай-ақ алдын алу шарасы, баламалы тұтқындау кеңейтiлдi.

Сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргiзiлуде. Қазiргi уақытта халықаралық сарапшылардың бағалауынша, Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы ең тиiмдi заңнамалардың бiрi ретiнде танылып отыр.

Бүкiл әлемдiк банктiң баяндамасында 2010 жылы Қазақстан бизнестiң мүддесiн көздеген реформа жүргiзу бойынша көшбасшы болып танылды. Бизнестiк ахуалы едәуiр қолайлы елдердiң әлемдiк рейтингiсiнде Қазақстан әлемнiң 183 елiнiң арасында 59-орынға ие болған.

Атлған бағдарламаның басты мақсаты — халықтың әл-ауқатын көтеру. Сондықтан Президент биылғы Жолдауында әлеуметтiк жаңғырту мәселелерiне айрықша назар аударды.
 Мен үш маңызды мемлекеттiк бағдарламаны: бiлiм беру, дансаулық сақтау және тiлдi дамыту бағдарламаларын бекiттiм, — деп атап көрсеттi Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Үкiметке осы жылдың 1 мамырына дейiн негiзiнде жаңа бағдарламаларды әзiрлеуге және бекiтуге тапсырма бердi, олар:
жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы;
ТКШ жаңарту;
халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.
Бiлiм беру

Бiлiм берудi жаңартуды жалғастыру қажет. Осыған байланысты Президент Үкiметке мынадай тапсырма бердi:

жоғары оқу орындарының инновациялық қызметке өту тетiктерiн әзiрлеу;

бiлiмнiң сапасын көтеру және қол жетiмдiлiгiн кеңейту үшiн бiлiм берудi қолдаудың жаңа қаржылық-экономикалық құралдарын енгiзу;

техникалық және жоғары бiлiм беру деңгейi үшiн Тұрғынүйқұрылысжинақбанкiде ипотекалық құрылысты қазiр iске асырылып жатқандай, соған балама жинақтау жүйесiн әзiрлеу;

бизнес қоғамдастығы мен жұмыс берушiлер қоғамдастығы өкiлдерiнiң қатысуымен кәсiптiк-техникалық мамандар даярлау жөнiде Ұлттық кеңес құру.

Бiлiм беру жүйесiнiң барлық жұмысы мынадай нәтижелерге қол жеткiзуге бағытталуы тиiс:

Балаларды мектепке дейiнгi оқыту және тәрбиенi қамту үлесi 2015 жылға қарай 74 пайызды, 2020 жылға қарай — 100 пайызды құрауы тиiс.

2020 жылға қарай бiлiм берудiң 12 жылдық үлгiсiне толық көшу жүзеге асырылады. Бұл үшiн 2015 жылға қарай республикалық бюджет қаражаты есебiнен және сол мөлшерде жергiлiктi бюджет есебiнен кем дегенде 200 мектеп салынатын болады.

2015 жылға қарай бiлiм беру ұйымдары электронды оқытуды пайдаланатын болады, ал 2020 жылға қарай олардың саны 90 пайызға дейiн артады.

2020 жылға қарай халықаралық стандарттар бойынша тәуелсiз ұлттық аккредитациядан өткен ЖОО-ның үлесi 30 пайызды құрайды.

Инновациялық қызметтi жүзеге асыратын және ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн өндiрiске енгiзетiн жоғары оқу орындарының үлесi 5 пайызға дейiн ұлғаяды. Кем дегенде 2 жоғары оқу орны үздiк әлемдiк университеттер рейтингiсiнде атап өтiлетiн болады.

- Сапалы бiлiм беру Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуының негiзi болуы тиiс, — деп атап өттi Мемлекет басшысы.
Денсаулық сақтау

Тәуелсiздiк жылдары iшiнде қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту үшiн барлық қажеттi жағдайлар жасалды. Денсаулық саласын қаржыландыру 2002 жылы ЖIӨ-нiң 1,9 пайызынан 2010 жылы 3,2 пайызға дейiнгi мөлшерiне ұлғайды. Бүгiнде алғаш рет елiмiзде ең күрделi медициналық бағыттар бойынша операциялар жасалуда. Мысалы, жетекшi шетелдiк клиникалармен байланыс орнатқан 150 телемедициналық орталық құрылды. Жүргiзiлген жұмыстың нәтижесi көрсеткендей, бала туу 25 пайызға ұлғайғанын, өлiмнiң азаюы 11 пайыз құрағанын, халықтың табиғи өсiмi 1,7 есе ұлғайғанын атап өтуге болады.

2013 жылы бiрыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесiн ендiру аяқталады.

- Бiз алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудiң сапасын арттырып, алдын алу жұмыстарын нақты қолға алуымыз керек. Сондықтан Қазақстанда халықтың мақсатты топтарының денсаулық жағдайын бақылайтын ұлттық бағдарлама кешенiн ендiру қажет. Ауыл тұрғындары үшiн медициналық көмекке қол жетiмдiлiктi кеңейту қажеттiгiне ерекше назар аудару қажет, — деп атап өттi Нұрсұлтан Назарбаев.

Өткен жылы жаңа әлеуметтiк жоба — 2 «Денсаулық» арнаулы емдеу-диагносткалық поезд өз жұмысын бастады. Мобильдiк медицниалық кешен –автоклиниканың санын 50 данаға дейiн жеткiзу қажет. Мемлекет басшысы Үкiметке 2015 жылға дейiн санитарлық авиация қажеттiлiгi үшiн кем дегенде 16 тiкұшақпен қамтамасыз ету, сондай-ақ трассаларда медициналық-құтқару пункттерiн құру мәселесiн жедел пысықтау туралы тапсырма бердi.

Төтенше медицналық көмек қызметi көппрофильдi мобильдiк және аэромобильдiк госпитальмен жарақтандырылуы қажет.

2015 жылға қарай 350 дәрiгерлiк амбулатория, фельдшерлiк-акушерлiк пункттер мен емханалар салынатын болады.

- Осы мiндеттердi орындаудың нәтижесiнде 2015 жылға қарай күтiлетiн қазақстандықтардың өмiр сүру ұзақтығы 70 жасқа, ал 2020 жылға қарай 72 жасқа және одан ұзақ жасқа дейiн ұлғаятын болады, — дедi Президент.
Тiлдердi дамыту

2017 жылы мемлекеттiк тiлдi меңгерген қазақстандықтардың саны кем дегенде 80 пайызға жетедi. Ал 2020 жылға қарай кем дегенде 95 пайыз болады. Он жылдан кейiн мектеп бiтiрушiлердiң 100 пайызы мемлекеттiк тiлдi меңгередi.

- Мен әрдайын бүгiнде қазақстандықтар үшiн үш тiлдi меңгеру — бұл өздерi үшiн мiндеттi шарт екенiн айтып жүрмiн. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тiлiн меңгерген халықтың үлесi кем дегенде 20 пайызды құрауы қажет, — деп қадап айтты Нұрсұлтан Назарбаев.
Жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы

«Жол картасы» дағдарысқа қарсы бағдарламасы аясында екi жыл iшiнде халық жұмыспен қамтамасыз етiлдi, жұмыссыздық деңгейi қысқарды және Қазақстанның қалалары мен ауылдарында инфрақұрылым жақсарды.

Мемлекет басшысы Үкiметке облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп 2011 жылғы 1 мамырға дейiн халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөнiнде негiзiнен жаңа бағдарлама әзiрлеудi тапсырды.

Үкiмет бизнес қоғамдастығымен бiрлесiп индустриалдық нысандарда жұмыс iстегiсi келетiн адамдарға тегiн кәсiптiк оқуды ұсынуы қажет. Әрбiр қазақстандықтың елдi ауқымды индустриаландыруға қатысуына мүмкiндiк туғызу керек.

- Даму әлеуетi жоғары елдi мекендерде ауыл инфрақұрылымын дамытамыз, суаруға, шағын кредиттеу және заттай гранттар бағдарламларына қол жетiмдiлiгiн кеңейтiп, кәсiпкерлiк машықтарына оқуын ұйымдастырамыз. Сондықтан Үкiметке қаржылық реттеушiлермен бiрлесiп, тиiстi заң жобасы мен шаралар кешенiн жедел әзiрлеудi тапсырамын, — дедi Президент.
ТКШ жаңарту

Жайлы тұрғын үй деңгейi — азаматтардың өмiр сүруiнiң жақсы көрсеткiшi. Соңғы он жылда тұрғын үй қоры 30 миллион шаршы метрге ұлғайды.

ТКШ жаңарту аясында су, жылу, электр және газбен қамту жүйелерiне ауқымды жаңартуларды жүргiзу, тұрғын үй қатынастарының оңтайлы моделiн құруды қамтамасыз ету қажет. Күрделi жөндеудi қажет ететiн нысандардың үлесiн 2015 жылға қарай 32-ден 22 пайызға төмендету қажет. Желiлердi жаңарту ұзақтығы 2015 жылға қарай, жалпы, елiмiз бойынша 31 мыңнан аса километрдi құрайтын болады.

Мемлекет халықаралақ қаржы институттары мен бiздiң банктердi тарту арқылы жеке инвесторларға, кәсiпорындар мен азаматтарға тұрғын үй мен коммунальдық нысандарға жөндеу жүргiзу және қалпына келтiрудi бiрлесiп қаржыландырудың арнайы құралдарын ұсынады.

ТКШ жаңарту бағдарламасын iске асыру жыл сайын жаңа 10 мың жұмыс орнын ашуға мүмкiндiк бередi.

Мемлекет басшысы Үкiметке ортақ мүлiктi қалпына келтiру және жөндеу жұмыстарын жүргiзудi қоса қаржыландыру мен жинақтауды ынталандыру тетiктерiн әзiрлеу туралы тапсырма бердi.
Сапалы ауыз су

Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстар 8 жыл бұрын басталған едi. Ауылдық елдi мекендердiң орталықтандырылған суменжабдықтауға қол жетiмдiлiгi 41 пайызға, қалаларда — 72 пайызға дейiн артты. Тасымалданатын суды пайдаланылатын адамдардың саны 4 есеге азайды. Сондай-ақ, суменжабдықтау жүйесiн жақсартуды қажет ететiн ауылдар әлi де аз емес.

Республика бойынша ауыз суға қол жетiмдiлiктiң орташа деңгейi 2020 жылға қарай 98 пайызды құрауы, ал судың сапасы белгiленген барлық санитарлық нормаларға жауап беруi қажет.

2020 жылы қалаларда орталық суменжабдықтауға қол жетiмдiлiк 100 пайызды құрауы тиiс. Ал ауылдық жерлерде — екi есе артып, 80 пайызға дейiн өседi.
Кiрiстi арттыру — өмiр сүрудiң жаңа сапасы

- Ағымдағы жылы бiз зейнетақы, стипендия, бюджеттiк сала қызметкерлерiнiң еңбекақысының мөлшерiн 30 пайызға арттырамыз. Бiз екi жыл қатарынан 25 пайызға ұлғайттық. «Нұр Отан» ХДП Жаңа платформасында жсопарланғандай, 2012 жылы зейнетақы, бюджеттiк ұйымдардың еңбекақысы мен стипендияның орташа мөлшерi 2008 жылмен салыстырғанда 2 есеге артады. Бiз осыны уәде еттiк және бiз осыны iске асырдық, — дедi Президент.

Мемлекет басшысы сондай-ақ 2011 жылды Тәуелсiздiктiң 20 жылдығы жылы деп жариялады. Мемлекеттiк комиссия құрылды, Жалпыұлттық iс-шаралар жоспары бекiтiлдi.

- Үкiметке оны iске асыру үшiн инвесторлардың, бизнес қоғамдастығының, қазақстандықтардың күш-жiгерiн бiрiктiрутi тапсырамын. Бiздiң мерейтойдың ұраны — «Бейбiтшiлiк пен жасапаздыққа — 20 жыл», — деп атап көрсеттi Нұрсұлтан Назарбаев.